RepTrak 2017 көрсеткіші бойынша еліміз әлемдегі ең беделді 50 мемлекеттің қатарына енді. Онда Қазақстан 44-ші орынға тұрақтаған. Аталған рейтингтің зерттеуі бойынша 2016 жылы Қазақстан бұл тізімге енбеген болатын.
Айта кетсек RepTrak көрсеткіші елдің жалпы ішкі өнімін бағалайды. Мәселен еліміз өткен жылмен салыстырғанда өз көрсеткішін 8,6 пайызға дейін жақсартып, осындай дәрежеге жеткен әлемдегі бесінші ел атанып отыр. Дегенмен 14 пайызға дейін жоғарылаған Грекия бірден 26-шы сатыға жайғасты. Ал Солтүстіктегі көршіміз Ресей болса көрсеткішін 6,4 пайызға дейін төмендетіп, 51 орынға тұрақтаған. Ал, рейтингтің көш басында Канада, Швейцария, Швеция, Австралия және Жаңа Зеландия мемлекеттері тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу