Қазақстан беделді туристік марапатқа ұсынылды

151

Еліміз "Ең сұранысқа ие жаңа бағыт" санатында ұсынылды.

Қазақстан беделді туристік марапатқа ұсынылды Фото: inbusiness.kz

Қазақстан жыл сайынғы беделді "Wanderlust Reader Travel Awards" сыйлығына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Kazakh Tourism баспасөз қызметі мәлім етті.

Ұлыбританияның танымал "Wanderlust" туристік басылымы жыл сайын әлемдегі ең шабыттандыратын және тартымды туристік бағыттарды, саяхат саласындағы үздік сервистер мен қызметтерді анықтайды. Өткен жылы Қазақстан "Ең сұранысқа ие жаңа бағыт" санатында үздік бестікке енді.

"Биылғы дауыс беру ашылды және ниет білдірушілер Қазақстанды перспективалық туристік бағыт ретінде қолдай алады. Әрбір дауыс маңызды және оған қатысу үшін мына осы сілтеме бойынша өту қажет. Бұл сайтқа кіру VPN арқылы қосылуды қажет етуі мүмкін екенін ескеру қажет", – делінген компания таратқан хабарламада.

Айта кетейік, дауыс беру 2025 жылдың 17 қазанына дейін жалғасады. Сыйлықтың жеңімпаздары онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады және биылғы қараша айында Лондонда жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу