Қазақстан бейбітшілік, ынтымақтастық және сенім құндылықтарын берік ұстанады

558

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзі жарияланды, деп жазады inbusiness.kz. 

Қазақстан бейбітшілік, ынтымақтастық және сенім құндылықтарын берік ұстанады Фото: akorda.kz

Қазақстан бейбітшілік, ынтымақтастық және сенім құндылықтарын берік ұстанады. Біз БҰҰ-ның Жарғысы мен халықаралық құқыққа негізделген мемлекеттердің теңдігі, егемендігі және территориялық тұтастығы қағидаттарын қолдаймыз.

 Жақында АӨСШК-ні толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру процесін бастау туралы шешім қабылданды.

Біз сіздердің елдеріңізбен және ұйымдарыңызбен Қазақстан арасындағы достық және өзара тиімді байланыстарын тұрақты нығайтуға ұмтылуымыз керек. Осы ретте кәсіби көмектеріңіз бен бірлескен күш-жігеріміз маңызды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзінен:

БҰҰ-мен тығыз ынтымақтастықта Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың негізгі қағидаттарын сақтауды қолдайды.

 Ядролық қаруды қолдану туралы қауіпті мәлімделердің артқаны байқалады.

Атом энергиясы адамзаттың орасан зор жетістігі екенін есте ұстаған жөн. Оны жойқын қару ретінде емес, халықтарымыздың тек бейбіт өмірі үшін пайдалану керек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу