Қазақстан Беларусь әмбебап тауар биржасы арқылы экспортты ұлғайтпақшы

1182

Бүгінгі таңда қазақстандық көмірді көбіне биржада ресейлік трейдерлер (алыпсатарлар) сататынын атап өтті.  

Қазақстан Беларусь әмбебап тауар биржасы арқылы экспортты ұлғайтпақшы

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Беларусь әмбебап тауар биржасы арқылы қазақстандық экспортты ілгерілету туралы уағдаласты, деп хабарлады ведомстваның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Сауда-экономикалық миссиясы шеңберінде Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев "Беларусь әмбебап тауар биржасы" ААҚ Басқарма төрағасы Александр Осмоловскиймен кездесті.

Беларусь әмбебап тауар биржасы бүгін – бұл әлемнің 63 елінен 22 мыңнан астам қатысушы (ЕО елдерінен сатып алушылардың негізгі массасы), 56 қазақстандық компанияны қоса алғанда (өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар БӘТБ арқылы 5,6 млн.долларға тауар сатқан).

Кездесу барысында Қайрат Төребаев Беларусь биржасында қазақстандық өнімнің ұсынылуын арттыру бөлігінде БӘТБ-мен ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

"Біз түрлі электрондық алаңдарды пайдалана отырып, қазақстандық экспортты арттыруға бағыттадық", – деді ол.

Өз кезегінде Александр Осмоловский қазақстандық компанияларды БӘТБ-ға қатысуға шақырды.

"Біз Биржаның қызметі туралы айту үшін Қазақстанға шығуға, сондай-ақ қазақстандық өндірушілерге аккредиттеуден өтуге, сауда-саттыққа қатысу үшін оларға электрондық цифрлық қолтаңба беруге дайынбыз", –  деді ол.

Ол сондай-ақ сауда-саттыққа келуші ретінде де, биржалық брокер ретінде де қатысуға болатынын хабарлады.

Ол сондай-ақ, бүгінгі таңда посткеңестік кеңістіктің көптеген компаниялары беларуссиялық сауда алаңын еуропалық нарыққа шығу үшін пайдаланатынын айтты, себебі негізгі сатып алушылардың басым санын Литваның, Латвияның, Польшаның және Еуродағының басқа елдерінің компаниялары құрады.

Ол сондай-ақ, ағымдағы сәтте биржада шартты түрде 4 ірі топқа бөлінген 4000-ға жуық тауар тобы: орман өнімі, металл өнімі, ауыл шаруашылығы өнімі, өнеркәсіптік және тұтыну тауарлары ұсынылғанын хабарлады.

"Талдау көрсеткендей, біздің беларусьтық сатып алушылар Қазақстаннан металл өңдеу өнімдері, ауыл шаруашылығы тауарлары, көмір сияқты тауарларды жеткізуге қызығушылық танытуда", – деді Осмоловский.

Бүгінгі таңда қазақстандық көмірді көбіне биржада ресейлік трейдерлер (алыпсатарлар) сататынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу