Қазақстан, Беларусь және Ресей төтенше жағдай кезінде бір-біріне жәдем беруге уағдаласты

1028

Қазақстан, Беларусь және Ресей төтенше жағдай кезінде бір-біріне жәдем беруге уағдаласты

Қазақстан, Беларусь және Ресей төтенше жағдай кезінде бір-біріне жәдем беруге уағдаласты. Бүгін үшжақты келісім құжаты ресми бекітіліп отыр.

Бірлескен төтенше қызметтің алқалы отырысы осымен 5-ші мәрте ұйымдастырылуда. Биыл оған Қазақстан төрағалық ету міндетін алған. Отырыс барысында тараптар бірлесіп, мониторинг және болжау саласында мамандарды даярлау, трансшекаралық қатынасты реттеу сынды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ,шекарада тіркелетін түрлі қауіп-қатер, өрт, сел, су тасқыны сынды апаттарды алдын алу шарттары да қарастырылған. Нәтижесінде, қорытынды хаттама бекітіліп, 9 блог бойынша жұмыс істеуге мәміле жасалды. Жиынға Ресей Азаматтық қорғаныс, Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың салдары жөніндегі министрі Владимир Пучков пен Беларусь төтенше жағдайлар министрі Владимир Ващенко арнайы қатыса келген.

Юрий Ильин, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары:

"Бүгінгі отырыста біз шекара аймағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары мен су нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайын қарайтын боламыз. Бұдан бөлек, су тасқынына қарсы өзара тәжірибе алмасу, ғарыштық бақылауды бірлесіп жүргізу мен жаңадан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлерде өрт сөндіру сияқты мәселелерді күн тәртібіне енгізгеніміз дұрыс болды. Енді шекарада орын алған табиғи апаттарды ескертіп отырамыз"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу