Қазақстан Беларусьқа мұнай экспортын темір жол арқылы жеткізуі мүмкін

1062

Осы аптада шикізат "Дружба" құбыры арқылы  Атырау-Самарадан жеткізілуі мүмкін.  

Қазақстан Беларусьқа мұнай экспортын темір жол арқылы жеткізуі мүмкін

Қазақстан Беларусьқа мұнай экспортын темір жол арқылы жеткізуі мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.  

Энергетика министрлігі Атамекен бизнес арнасының ресми сауалына осындай жауап беріп, қазір тасымалдың бұл түрінің экономикалық тиімділігі есептеліп жатқанын жеткізді. Әйтпесе, бұған дейін Ресей арқылы транзит магистралімен шығару да қарастырылған. Бірақ келісім әзірге тұраланып тұр. Еске салсақ, бұған дейін Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанға келген ресми іс сапарында Қазақстаннан мұнай алуға ниетті екендігін айтып, Үкіметаралық уағдаластықты жасауды ұсынған болатын. Осы аптада шикізаттың "Дружба" құбырымен Атырау-Самарадан жеткізілуі мүмкін екені де айтылды. Экспорт көлемі жылына 1 млн-нан 3,5 млн тоннаға дейін барады деп қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу