Қазақстан Беларуське 100-ден аса тауар түрін жеткізгуге ниетті

2022 жылы қос ел арасында тауар айналымы 1,1 млрд долларға жеткен.

Қазақстан Беларуське 100-ден аса тауар түрін жеткізгуге ниетті Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Беларуське экспорт көлемін ұлғайтуға ниетті, бұл үшін 100-ден астам тауардың тізімі дайындалды, деп хабарлады республиканың Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

"Беларусь Республикасына экспортты ілгерілету мақсатында металлургия, тамақ өндірісі, химия өнеркәсібі және машина жасау сияқты салаларда қазақстандық 105 тауарлардың алдын ала тізбесі анықталды", - деп хабарлады министрлік.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрі Алексей Богданов Астанада арнайы кеңес өтізді.  

Келіссөздер барысында тараптар 2022 жылы қос ел арасында тауар айналымы 1,1 млрд долларға жеткенін атап өтті. 2023 жылдың 6 айында да оң динамика тіркелді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу