Қазақстан Беларуське 500 комбайн жөнелтеді

928

Қазақстан Беларуське 500 комбайн жөнелтеді

Шетелдік кәсіпорындардан Қостанайдың ауылшаруашылық техникаларына сұраныс артып келеді. 2018 жылдың басында Қазақстаннан Беларусь Республикасына 500 комбайн жіберілмек. Бұл туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спанов мәлім етті, деп хабарлайды kostanaytany.kz.

2018 жылдың басында Қазақстаннан Беларусь Республикасына 500 комбайн жөнелтіледі. Бұл екіжақты тараптың келісімі арқылы жүзеге асырылып отыр. 
"Биыл көлік құрастыруға 67,5 млрд теңге бөлінді. Қаржының 23,4%-ы өңдеу секторына жұмсалды. Бұл көрсеткіш 2016 жылы небәрі 12,9% болған. Қостанайлық мамандар қатысуымен барлығы 3,5 мың жеңіл автокөлік шығарылды. Бұған қоса 296 IVECO автобусы сатылымға шықты", — деді Ерлан Спанов. 
Басқарма басшысының айтуынша, мемлекеттік сатып алу конкурстары мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы жобаны жүзеге асыру нәтижесінде артылған 2 млрд 123 млн теңге әлеуметтік саладағы біраз мәселені шешуге септігін тигізеді. Мәселен, үнемделген қаражаттың басым бөлігі, яғни 1 млрд 69 млн теңге орталық стадионның күрделі жөнделуіне, ал 500 млн теңге үш әкімшілік ғимаратты ретке келтіруге жаратылады. Сондай-ақ, полицейлерге арналған портативті бейнебақылау құрылғыларын сатып алуға 249 млн теңге жоспарланған. Үнемделген қаражаттың біраз бөлігі "Юбилейный" шағынауданында салынатын тұрғын үйлердің сметалық-жобалық құжатына кетеді. Артылған қаражат тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық жүйелерін жаңартуға да жұмсалмақ.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу