Қазақстан мен Беларусь президенттерінің келіссөздері нәтижесі бойынша мемлекеттер арасында кооперацияны тереңдету туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚР сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
Сауда және интеграция министрлігі беларусь импортының құрылымын және Беларуське ағымдағы қазақстандық экспортқа талдау жүргізді.
Талдау нәтижелері бойынша шамамен 300 млн. АҚШ долл. сомасына қазақстандық өнімді Беларуське жеткізу үшін 44 тауар позициясының тізбесі айқындалған.
"Сонымен, метал илектері Беларусь Республикасына қазақстандық экспорттың өсімі үшін әлеуетті болып табылады. "Өткен жылы Беларуське 28,5 млн. долларға темір мен легирленбеген болат илегі жеткізілген. Алайда осы тауар тобының жалпы жарты миллион доллардан асып кетті. Кәсіпорындарымыздың технологиялық мүмкіндіктері кезінде біз металл илегін екі есе артық жеткізе аламыз", – деп хабарлады Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша метал илегі Беларусь Республикасына қазақстандық экспорт үшін елеулі әлеуетке ие. Біздің металл құбырларымыз Беларуссияның мұқтажын 10%-дан астам қамтамасыз ете алады (БР металл құбырын импорттаудың жалпы көлемі 2018 жылы 312,8 млн.долл. құрды).
Қазақстан сондай-ақ болаттан жасалған бұйымдар (оның ішінде құбырлар), АӨК өнімдері (макарон, күріш, кондитерлік өнімдер), жезден жасалған бұйымдар, құрылыс материалдары және басқа сияқты тауар позициялары Беларуське жеткізуді ұлғайта алады.
ҚР Президенті Қ-Ж.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Беларуссия нарығына экспортты өсіру мақсатында Сауда және интеграция министрлігі келесі жылы қаңтарда Беларусь Республикасына сауда-экономикалық миссияны ұйымдастырады, оны Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов басқарады.