Қазақстан Белиз мемлекетімен визасыз режим орнатады

574

Аталған мәселе Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде өткен онлайн консультация барысында талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан Белиз мемлекетімен визасыз режим орнатады

"ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев Белиз Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық департаментінің директоры Орла Кантун Колманмен алғашқы консулдық консультациялар өткізді.

Тараптар достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мүмкіндігін үлкен қызығушылықпен атап, алғашқы әрі маңызды қадамдардың бірі ретінде екі елдің дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттарының иелері үшін визалық режимді жеңілдету туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға уағдаласты", – делінген ҚР СІМ мәліметінде.

Б. Ақатаев Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының Кариб қоғамдастығы (CARICOM) өңірімен түрлі салалардағы байланыстарды одан әрі тереңдету ниеті туралы және үкіметаралық құжаттарға қол қою оның тікелей растауы болып табылатынын жеткізді. 

Өз кезегінде О. Кантун Колман екі ел арасындағы қарым-қатынаста таңдалған бағыттың маңыздылығына назар аударып, халықаралық шартты тез арада келісуге бар күшін салуға дайын екенін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу