Қазақстан – Белорусь бизнес форумында 11 келісімшартқа қол қойылды

830

Александр Лукашенко мен Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен мәлімдеме жасады.

Қазақстан – Белорусь бизнес форумында 11 келісімшартқа қол қойылды

Беларусь делегациясымен келіссөздер барысында өндірістік байланыстарды күшейтуге баса назар аударылды. Бұл туралы бүгін Ақордада Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Беларусь капиталының қатысуымен 340-қа жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Осы ретте сегіз бірлескен кәсіпорын ірі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы техникасын шығарумен айналысады. Біз осы компаниялардың тиімді жұмыс істеуіне қатысты мәселелерді жан-жақты талқыладық", – деді Қазақстан Президенті

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығы және әскери-техникалық ынтымақтастық салалары бойынша қосымша бірлескен екі-үш жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.

"Кеше Нұр-Сұлтан қаласында өткен қазақ-беларусь бизнес-форумы іскерлік байланыстарды ілгерілетуге тың серпін берді. Форумның қорытындысы бойынша 11 келісімшартқа қол қойылды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу