Қазақстан бензин, дизель отыны мен авиакеросинді импорттамайтын болады

899

Бұл туралы вице-премьер Ерболат Досаев президенттің қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

Қазақстан бензин, дизель отыны мен авиакеросинді импорттамайтын болады

2019 жылдан бастап Қазақстан бензин, дизель отынын, авиакеросин және битумды импорттамайтын болады, деп мәлім етті вице-премьер Ерболат Досаев президенттің қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

"2019 жылдан бастап елдің бензинге, дизель отынына, авиакеросин және битумға деген ішкі қажеттілігі толық қамтамасыз етілетін болады",– деді Ерболат Досаев.

 Вице-премьер елдегі  барлық  мұнай өңдейтін зауыттардағы жаңғырту жұмысының аяқталғанын атап кетті.  

"2018 жылдың қорытындысы бойынша, негізгі мұнай өнімдерінің орташа бөлшектік бағасы өскен жоқ", – деді вице-премьер. 

Бұдан бұрын индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі нарықты өзіміздің авиакеросинмен қамтамасыз ету авиакеросин бағасының төмендеуіне себеп болады деген еді. 

18,3 млн-нан астам халқы бар елімізде үш ірі МӨЗ – Атырау, Павлодар және Шымкент МӨЗ-і жұмыс істейді. Шымкент МӨЗ-і 1985 жылы салынған. "ҚазМұнайГаз" бен CNPC зауыттың акциясын 50%-дан иеленген. Атырау және Павлодар зауыттары 1945 және 1978 жылдары салынған. Олардың жұмысы "ҚазМұнайГаз"-дың бақылауында

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу