Қазақстан бензин импортына шектеу қойды

587

 Әзірге импортқа шектеу 3 айға қойылып отыр.

Қазақстан бензин импортына шектеу қойды

Қазақстан Ресей бензиніне шекараны жапты. Әзірге импортқа шектеу 3 айға қойылып отыр, деп хабарлайды Atameken TV.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың бұйрығына сәйкес, 3 шілдеде бекіген құжат жарияланған мерзімнен бастап, 10 күннен кейін күшіне енуге тиіс. Яғни осы айдың соңында импортқа тосқауыл қойылмақ. Енді мұнай өндірісін дамыту департаменті бұл бұйрықты Ұлттық Қауіпсіздік комитеті мен тасымалдаушы мекеме "Қазақстан темір жолына" ескертуі шарт.

Бұл қадам импорттан гөрі отандық бензин өндірушілеріне басымдық беру үшін жасалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу