Қазақстан бензинін ең бірінші Өзбекстан сатып алатын болады. Бұл туралы LS-ке Kazenergy бас директоры Болат Ақшолақов мәлім етті.
Алматыда өтіп жатқан "Argus Қазақстан және Орталық Азияның мұнай-газ нарығы 2019" халықаралық конференциясының сыртында болған әңгімеде Болат Ақшолақов бензиннің алғашқы партиясын биылғы жылдың шілдесінде жіберу жоспаланып отырғанын айтты.
"Барлық бензин әлемдік баға бойынша экспортталады. Арзанға сата алмайды. Барлығы трансферт шарты бойынша жұмыс істейді. Қазақстан бензинін жеткізу шілде айында басталады. Алғашқы партия Өзбекстанға жіберіледі деп ойлаймын", – деп түсіндірді Ақшолақов.
Сонымен қатар ол Беларусь, Қырғызстан және Армениямен жеткізу бойынша келіссөз жүріп жатқанын айтты.
Сондай-ақ Болат Ақшолақов мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесін әзірлеуге тоқталды. Оның сөзінше, енгізу екі кезеңде жүреді.
"Бірінші кезеңді 2021 жылы, екінішісін 2022 жылы енгізу жоспарланып отырғанын айтты", – деді ол.