Қазақстан бидай мен ұн экспортына квотаны 30 қыркүйекке дейін ұзартады

755

АШМ ауыл шаруашылығы өнімдерін квоталау механизмін бекіту бойынша шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қазақстан бидай мен ұн экспортына квотаны 30 қыркүйекке дейін ұзартады

Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың 30 қыркүйегіне дейін үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне 550 мың тонна көлемінде бидай мен меслин, сондай-ақ үшінші елдерге 370 мың тонна көлемінде бидай мен бидай-қара бидай ұнының экспортына шектеу енгізу туралы шешім қабылдады.

15 маусымға дейін Қазақстаннан 1 миллион тонна бидай мен  300 мың тонна мөлшерінде ұнды сыртқа шығаруға квота енгізілген болатын.

Қазақстанның Астық одағының соңғы мәліметіне сәйкес, бидайға арналған квотаны игеру 50 пайызды, ұн бойынша 87 пайызды құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу