Қытай Қазақстаннан бидай алатын негізгі елдердің бірі

297

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен егін жинау науқаны бойынша жедел штабта экспортқа астық жеткізуді ұлғайту мүмкіндіктері қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қытай Қазақстаннан бидай алатын негізгі елдердің бірі Фото: Baraev.kz

Отырыста қазақстандық астықты Қытайға жеткізудің өңірлік деңгейі қаралды.

9 айдың қорытындысы бойынша астықты жабық вагондарда тасымалдау көлемі 75%-ға және астық тасығыштарда 5%-ға өсті. Контейнерлермен жеткізу 26%-ға төмендеді.

Бұл жабық вагондар мен астық тасығыштардағы дақылдардың негiзгi көлемiнiң Қорғас және Алашанькоу стансалары арқылы Суардың бондтық аймағына жеткiзiлуiмен байланысты, онда дайын өнiмдi қайта өңдеу және одан әрi жөнелту үшiн баж салығы жоқ.

Осылайша, қазақстандық бидай негізінен Қытайдың шекаралық және орталық провинцияларын қамтамасыз етеді.

Қытай ішіне жеткізу үшін 65% баж салығы қолданылады және ол бағыттар бойынша астық негізінен контейнерлермен тасымалданады.

Бұл ретте арпа және басқа да жемшөп дақылдары ірі дайындаушы компаниялардың қажеттіліктеріне сәйкес бүкіл Қытай бойынша экспортталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу