Қазақстан бидайын экспорттаудан түскен түсім 20 пайызға өсті

854

Астықтың ең көп бөлігі Өзбекстанға экспортталған. 

Қазақстан бидайын экспорттаудан түскен түсім 20 пайызға өсті

2019 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстан 2,1 млн тонна астық пен зәйтүн экспорттаған. Бұл көлем 2018 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2,9%-ға өсті, деп хабарлайды LS.

Жеткізілген астықтың жалпы құны 384,5 млн доллар. Тауарды экспорттаудан түскен түсім 20,1%-ға өскен.

Астықтың басым бөлігі Өзбекстанға жіберілген. Яғни 118,7 млн долларға 759,5 мың тонна астық сатылған. Тәжікстан 59,9 млн долларға 323,5 мың тонна, Әзербайжан 40,5 млн долларға 213,8 мың тонна, Қытай 27,4 млн долларға 131,9 мың тонна, Ауғанстан 23,8 млн долларға 127,6 мың тонна, Түркіменстан 21,5 млн долларға 115,5 мың тонна астық сатып алды.

Сонымен қатар Түркия 15, млн долларға 87,2 мың тонна, Италия 15,6 млн долларға 79,3 мың тонна, Ресей 15,4 млн долларға 71,7 мың тонна астық сатып алған.

Сондай-ақ Қазақстан төрт айда 115,2 млн долларға 537 мың тонна ұн сатқан. Жеткізулердің заттай көрінісі 30%-ға, ақшалай көрінісі 21,3%-ға төмендеген.

Ұнды негізгі сатып алушылар Ауғанстан мен Өзбекстан болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу