Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші "Орталық Азия – Қытай" саммитінде көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуымыз қажет екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуымыз қажет. Он жыл бұрын Астанада Си Цзиньпин мырза "Бір белдеу – бір жол" бастамасын ұсынған еді. Содан бері осы ауқымды жобаның тиімділігіне және қажет екеніне бүкіл әлем көз жеткізді. Бұл мегажоба Ұлы Жібек жолын жаңғырту ісіне ықпал етті. Сондай-ақ, көптеген елде заманауи көлік инфрақұрылымын салу жұмысын жандандырды. Қазақстан – Қытайдың жақын көршісі әрі сенімді серіктесі. Сондықтан, "Бір белдеу – бір жол" жобасына атсалыса береді", деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, ол Қазақ-қытай шекарасында үшінші темір жол өткелін ашу маңызды қадам болмақ екенін айтты.