Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктеріне аккумуляторлар жөнелтіп жатыр

809

Ел нарығының 65% кабель өнімдерімен қамтылады. 

Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктеріне аккумуляторлар жөнелтіп жатыр

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов отандық аккумуляторлар жаңа экспорттық нарыққа шыққанын жариялады. 

"Электротехникалық машина жасау секторында айтарлықтай өзгеріс болды. Биыл отандық аккумуляторлар жаңа экспорттық нарыққа – Біріккен Араб Әмірліктеріне шықты", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің мәлімдеуінше, ішкі қажеттілік 65% қамтылады.

"Біз түрлі салалардағы ел нарығының 65% кабель өнімдерімен қамтимыз. Кабельдік-өткізгіш өнім металлургия саласының 5- қайта жасалуы бола отырып, металдарды терең өңдеуді және жоғары қайта бөлу өнімдерін өндіруді қамтамасыз етеді", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу