Қазақстан бірінші орын алды

1207

Қазақстан бірінші орын алды

Бейжіңде Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы футболдан дәстүрлі "ШЫҰ Кубогы" жолдастық матчы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарысқа 9 команда қатысты: ШЫҰ Хатшылығы, ҚХР СІМ және Қазақстан Елшілігі (2 команда), Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей, Беларусь.

Тартысты ойында бірінші орынды ҚХР-дағы  Қазақстан Елшілігінің құрама командасы иеленді. Команда финалда Қытайдағы Беларусь Елшілігінің командасын пенальтимен ұтты. Шешуші голды қазақстандық дипломат, атташе Әділ Бақытжанұлы соқты. Үшінші орын Түрікменстан Елшілігінің құрамасына бұйырды.

"Ойынның ең басты нәтижесі - ШЫҰ елдері арасындағы достықты нығайту", - деді ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің қызметкері Азамат Телтай.

"Үздік капитан" номинациясының грамотасы ҚР Елшілігі командасының капитаны Нұрлан Яхияровқа берілді. "Үздік ойыншы", "Үздік шабуылшы", "Үздік гол соғушы", "Үздік қорғаушы" секілді аталымдар бойынша жекелеген грамоталар табыс етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу