Қапшағайда ашық суда жүзуден Қазақстан біріншілігі өтіп жатыр. Турнир аясында 500 метрге жүзуден жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Ерлер арасында Виталий Худяков жеңіске жеті. Олимпиада лицензиясының иегері 500 метрді 06 минут 19,86 секундта жүзіп өткен. Екінші орында Лев Черепанов, үшінші сатыда Ғалымжан Балабек.
Әйелдер арасындағы сында Мария Федотова топ жарса, Диана Тасжанова екінші, Дарья Пушко үшінші орын иеленді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу