Жиында аталған мемлекеттермен өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері қаралды. Вице-премьер бұл бағыт Мемлекет басшысының ерекше назарында екенін атап өтті.
Кеңес барысында мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері шетелдік әріптестермен қазіргі экономикалық байланыстар және бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы туралы есеп берді. Сонымен қатар сыртқы экономикалық қатынастарды кеңейтудің негізгі бағыттары талқыланды.
Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, халықаралық серіктестермен сауда және инвестициялық ынтымақтастықты күшейту Қазақстанның өнеркәсіптік және технологиялық дамуына серпін беретін маңызды факторлардың бірі.
Жиын соңында жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруды жеделдету, сондай-ақ жаңа бірлескен жобалар мен бастамаларды анықтау жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.