Қазақстан бірқатар рейтингілерде алда келеді

635

 Қазақстан бірқатар рейтингілерде алда келеді

Қазақстан бірқатар рейтингілерде алда келеді. Мәселен, елімізде адам басына шаққанда жалпы ішкі өнім көлемі, 25 мың долларды құраған. Осының арқасында Қазақстан әлем бойынша осы салаға арналған көрсеткіште 52-ші орынға шығып отыр. Мұндай мәліметтерді Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Рулан Дәленов мәлім етті. Сондай-ақ, ол Еуразиялық экономикалық одақ елдері ішінен Қазақстан өнеркәсіптік өндіріс көлемі жағынан Ресейден кейінгі екінші орында екенін жеткізді. Өткен жылы өнім ұлттық валютаның орташа жылдық мөлшерлемесі бойынша 54 млрд долларды құраған. Сондай-ақ, Дүниежүзілік экономикалық форумда жалпы ішкі өнім рейтингісінде сатып алу қабілеттілігі бойынша 191 мемлекеттің ішінен Қазақстан 45 млрд доллар активімен 41 орынға жайғасты. Алғашқы үздік үштікте Қытай, АҚШ және Үндістан елдері. Олардың активі 21, 18, және 8 трлн долларды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу