Қазақстан биыл 12 млрд теңге мүшелік жарна төлейді

1026

Қазақстан биыл 12 млрд теңге мүшелік жарна төлейді

2017 жылы Қазақстан халықаралық қаржылай ұйымдарға мүшелік жарна ретінде 12 млрд теңге төлейді. Бұл туралы қаржы министрлігіне сілтеме жасап 7күн жазып отыр.

Министрліктің мәліметінше, төлем Дүниежүзілік банкке, Ислам даму банкіне, Халықаралық даму қауымдастығы және Азиялық банкке жіберіледі.

Ведомствоның түсіндіруінше, мүшелік жарна бұл ұйымдарда болудың міндетті шарты деп саналады. Егер мүшеліктен бас тартылса, жарна қайтарылып беріледі. Қаржы министрлігінің атап өтуінше, халықаралық қаржы институттарының жұмысына қатысу Қазақстанға тиімді түрде инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

"Жеке кәсіпкерлікті дамыту және инновация тәрізді пайдалары да бар. Айта кетейік, 2017 жылы республикалық бюджеттен Азиялық даму қорына 1 млрд теңге жіберу де қарастырылған", — дейді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, бұл ұйымға 2012 жылы 5 млн доллардан астам қаржы жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу