"Биыл 18 млн тонна астық дақылдарын жинау жоспарлануда, бұл ішкі нарықты қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті іске асыруға жеткілікті", – деп жазылған Ауыл шаруашылығы министрлігінің "ҚазАқпараттың" сауалына берілген жауапта.
Бұл ретте биылғы жылдың экспорттық стратегиясы былтырғыдан өзгеше болмайды және дәстүрлі нарықтағы (Орта Азия елдері: Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан), Ауғанстан және Иран) үстем позициялардың сақталуымен сипатталады.
"Сондай-ақ, қол жеткізілген келіссөздер аясында перспективалы бағытта Қытай еліне экспорт қарқынын қолдау қажет. 2020/2021 маркетингтік жылы астық пен ұнның экспорттық әлеуеті шамамен 7,5-8 млн тоннаны құрайды", – деп нақтылады ведомство мамандары