Қазақстан бойынша 12 млн жуық сайлаушының тізімі жасалды

532

Олардың басым көпшілігі Алматы қаласы мен Түркістан облысында.

Қазақстан бойынша 12 млн жуық сайлаушының тізімі жасалды

20 қарашаға белгіленген Қазақстандағы Президент сайлауында дауыс беретін сайлаушылар тізімін жасақтау бойынша бүгін Орталық сайлау комиссиясында республикалық маңызы бар қалалар мен облыстар әкімдігінің аппарат басшылары есеп берді, деп жазады Inbusiness.kz  тілшісі.

Республика бойынша 11 950 485 адам сайлаушылар тізіміне енген. Алматы қаласының сайлаушылар тізімінде 1,188 млн адам, Түркістан облысында 1,175 млн,Алматы облысында 954 мыңнан астам  адам бар. Астана қаласындағы сайлаушылар тізімінде 776 078 адам бар.

Сайлау бюллетендері жалпы сайлаушылар санынан 1%  көлемде артық шығарылады. Осылайша, 12 069 990 сайлау бюллетені басылады.
Бюллетень мемлекеттік және орыс тілінде болады. Онда кандидаттардың есімі әліпби реті бойынша жазылады. Сонымен қатар, “бәріне қарсымын” графасы енгізілді.

Ал, зағип жандар үшін арнайы трафарет жасау қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу