Қазақстан бойынша 3,9 млн га астық жиналды

518

Бұл жоспарланған көлемнің 22,3% құрайды. 

Қазақстан бойынша 3,9 млн га астық жиналды Фото: inbusiness.kz

Бүгінгі күні бүкіл Қазақстан бойынша 3,9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабектің төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында елдегі егін жинау науқанын өткізу барысы талқыланды.

Соңғы мәліметтер бойынша орташа өнімділік 10,2 ц /га құрап, 3,9 млн тонна астық бастырылған. Майлы дақылдардың орташа өнімділігі 7,1 ц/га құрайды, шамамен 63,1 мың га жиналды. Сондай-ақ 202 ц/га өнімділікпен 613,2 мың тонна картоп жиналды, Биыл көкөністердің өнімділігі 227 ц/га құрап отыр, шамамен 1,8 миллион тонна жиналды.

Фермерлерді жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз ету шеңберінде шарттар жасалып, 176,4 мың тонна жанармай (41%)  құны төленіп, 156,6 мың тонна (37%) тиелді. 

Егін жинау науқанын сәтті өткізудің негізгі мәселесі фермерлерді қаржымен қамтамасыз ету болып табылады. Былтырғы жылдағыдай "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы 140 млрд теңгені құрады.

"Азық-түлік корпорациясының" желісі бойынша астық жеткізудің қажетті көлеміне келісім-шарт жасалды, ол үшін 81,2 млрд теңге бөлінді. Азық-түлік корпорациясының басшысы биыл жалпы көлемі 290 мың тонна форвардтық астық сатып алынғанын, сондай-ақ 600 мың тоннаға тауарлық кредиттер берілгенін атап өтті. Асылхан Джувашев облыс әкімдіктерінің назарын фермерлердің ауыл шаруашылығы өнімдерін уақтылы тапсыруын бақылау қажеттігіне аударды. Форвард пен тауарлық несиелерді уақтылы өтемеудің салдары келесі жылы өңірлердің лимитіне әсер етеді.

Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі келесі жылдан бастап фермерлер субсидия алуы үшін өз алқаптарын толық цифрландыру қажет екенін еске салды. "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ деректеріне сәйкес, фермерлердің өтінімдері бойынша небәрі 5 млн га цифрландырылды, кейбір өңірлерде цифрландыруға өтінімдер жоқ, деп атап өтті Әбілхайыр Тамабек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу