Қазақстан бойынша бүкіл мектеп асханалары тексеріледі

211

Мектеп асханалары Маңғыстаудағы жаппай уланудан кейін тексеріледі.

Қазақстан бойынша бүкіл мектеп асханалары тексеріледі Фото: Liter.kz

Бұл туралы 2024 жылдың 9 қыркүйегінде Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі. Ол мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу шараларын күшейтуге бағытталған",- делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін мектеп асханасында балалар уланып, 140 баланың медициналық көмекке жүгінгенін жазған едік. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарова мектеп оқушыларының емделуін бақылауға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу