Қазақстан бойынша менингитке қарсы 6700 екпе сатып алынған. Оның бағасын нарық белгілейді. Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы директорының орынбасары Арнұр Нұртаев осылай дейді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Вакцинаның нарықтағы бағасы 20 мың теңгенің үстінде. Бұл екпе медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейді. Сондықтан оны әркім өз қалауына қарай қабылдайды. Тек қажылық сапарға баратындар тегін егіледі. Қазір оны міндетті екпе қатарына қосу қаралып жатыр.
Жалпы, биыл тегін дәрі-дәрмек сатып алуға бюджеттен 200,2 млрд теңге бөлінген.
"Бұл вакцина түрі мемлекет тарапынан қамтамасыз етілу керек пе? Бұл сұрақ қазір талқыланып жатыр. Оған Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті жауапты", - дейді Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы директорының орынбасары Арнұр Нұртаев.