Қазақстан бойынша салынып жатқан 124 үйдің құрылысы проблемаға айналуы мүмкін

76

Олардың құрылысы проблемалы болуы мүмкін.

Қазақстан бойынша салынып жатқан 124 үйдің құрылысы проблемаға айналуы мүмкін Фото: canva

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов салынып жатқан үйлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Вице-министрдің сөзінше, республика бойынша 44 нысанның құрылысында мәселе бар. 

"Оның ішінде үшеуінің құрылысы бітті, тағы 2-уінің құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады. 124 нысан "сары" аймақта тұр. Олар да проблемалы болуы мүмкін. Біз оларды әкімдіктермен бірге бақылауда ұстап отырмыз", – деді Қуандық Қажкенов Сенат кулуарында.

Айта кету керек, бұған дейін құрылыс саласындағы көптеген ережелер Кеңес кезінен қалғанын жазғанбыз. Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейтуді тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу