Қазақстан бойынша тегін әуе сапарын пайдалана алатын балалар саны артады

Былтыр Kids Go free бағдарламасы бойынша 1500 бала ұшақпен тегін жол жүру мүмкіндігін алды.  

Қазақстан бойынша тегін әуе сапарын пайдалана алатын балалар саны артады Фото: inbusiness.kz

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомствоның алқа отырысында Қазақстан бойынша тегін әуе сапарын пайдалана алатын балалар саны 2 мыңға дейін артады деді, деп жазады inbusiness.kz.

Айта кетейік, өткен жылы Kids Go free бағдарламасы бойынша 1500 бала ұшақпен тегін жол жүру мүмкіндігін алды.

"Биыл біз 2000 балаға тегін әуе қатынасын ұсыну үшін жұмыс істейтін боламыз. Бұл – отбасылық демалыс үшін қосымша мүмкіндіктер. Сонымен қатар, Kids Go free бағдарламасы туроператорлар үшін қолжетімді болды. Балалар авиабилетін сатып алуды растау тізбесі кеңейтіліп, өтінімдер мен төлемдерді қарау мерзімі қысқартылды", - деді Асхат Оралов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу