22 шілдеде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін еліміз бойынша ұлттық жерсеріктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиостанциялардың берілісі уақытша тоқтатылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мұндай профилактикалық жұмыстар телерадио желілерінің тұрақты әрі сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
"Қазтелерадионың" мәліметінше, жұмыстарды жүргізу болашақта тұрақты әрі сапалы хабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу