Қазақстан бокс федерациясы AIBA президенті лауазымына Серік Қонақбаевты ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Біз ұлттық федерацияларға өз ұсынысымыз туралы хабарладық. Олардан біздің үміткерді қолдайтын хат күтіп отырмыз. Кейін біз құжаттарды Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының штаб-пәтеріне жібереміз. Құжаттар тексерілгеннен кейін үміткерлердің тізімі AIBA сайтында жарияланады", - деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры.
Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) комитетінің мүшелері мен президентін сайлау 2-3 қарашада Мәскеуде өтеді.
Серік Қонақбаев - атақты әуесқой боксшы. Ол бокстан екі дүркін Еуропа чемпионы және екі рет Әлем кубогын иеленген. 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері. Ол спорттық мансабын аяқтағаннан кейін қоғамдық істермен және спорт менеджментімен айналысқан.
Сонымен қатар, Қонақбаев парламент мәжілісінің депутаты болған. 2010 жылдан бері AIBA атқару комитетінің мүшесі, 2014 жылдан бері AIBA вице-президенті және Азия бокс конфедерациясының президенті қызметін атқарған.