Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті тағайындалды

241

Бұл қызметке Болат Абдрахманов келді.

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті тағайындалды Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Ол аймақтармен жұмыс бойынша еңбек етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Болат Абдрахманов 30 жылға жуық отандық спорт саласында еңбек еткен. Әр жылдары бокстан мемлекеттік жаттықтырушы, ұлттық құрама үйлестірушісі және тағы басқа қызметтер атқарған.

55 жастағы маман қалалық білім бөлімінде жаттықтырушы, Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, Астана қаласының №2 БЖСМ директоры болса, одан кейін "Локомотив" дене шынықтыру-спорт клубының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды.

Одан кейінгі жылдарда "Олимпиадалық резервті дайындау орталығының" директоры, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясы" РМҚК бокстан мемлекеттік жаттықтырушы, "Тарлан Батырлары" ЖШС директоры болып еңбек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу