Қазақстан боксшылары 29 медаль алды

654

Қазақстан боксшылары 29 медаль алды

Астанада бокстан "ҚР Президенті кубогы" алтыншы халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары жалпы алғанда 10 алтын, 7 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды.

Ерлер арасында "алтынға" Теміртас Жүсіпов (49 келіге дейін), Әнуар Мұзаппаров (52 келіге дейін) Қайрат Ералиев (56 келіге дейін), Бекдәулет Ибрагимов (64 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (69 келіге дейін), Әбілхан Аманқұлов (75 келіге дейін), Абзал Құттыбеков (91 келіге дейін) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары), әйелдер арасында Сәния Сұлтанқызы (57 келіге дейін) және Римма Волосенко (60 келіге дейін) қол жеткізді.

Екінші орынға Бек Нұрмағанбет, Ерік Әлжанов, Абылайхан Жүсіпов, Ладон Роген, Жомарт Ержан, әйлдер арасында Дариға Шәкімова және Айжан Қожабековалар табан тіреді.

Ал күміс медальды Ілияс Сүлейменов, Закир Сафиуллин, Бекзат Нұрдәулетов, Василий Левит, Антон Пинчук, Айболды Дәуренұлы, Нұрлан Сапарбай, әйелдер арасында Владислава Кухта, Назым Қызайбай, Дәметкен Келімбет, Карина Ибрагимова және Сәния Әлжановалар иеленді.

Айта кетейік, ҚР Президентінің кубогы үшін бокстан VI халықаралық турнирге 15 елдің спортшылары қатысты. Барлық дерлік командалар өздерінің кіл мықты боксшыларын алып келді. Сол себепті 5-10 маусым аралығында өткен жарыстың барлық жекпе-жектері өте тартысты болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу