Болгария елінің астанасы Софияда "Страндж" халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты.
Аталған турнирге еліміз атынан он боксшы қатысты. Нәтижиесінде олардың бесеуі жүлдеге қол жеткізді.
Атап айтар болсақ, 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Сабыржан Бекбергенов алтын медаль жеңіп алса, Нұрбол Қалжанов (56), Қанағат Маралов (69), Михаил Коханчик (81 кг) және Абзал Құттыбеков (91 кг) қола жүлде еншіледі.
Естеріңізге сала кетейік, елімзі боксшыларын Болгария еліне бокстан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Нұрғали Сафиуллин бастап барған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу