Үндістанның Нью-Дели қаласында әйелдер боксынан оныншы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Әлемнің 62 мемлекетінен 270 спортшы жиналған бәсеке 15-24 қараша аралығында, "Индира Ганди" атындағы спорт кешенінде өтеді.
Бүгін қазақстандықтар алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 51 келіге дейінгі салмақта Жайна Шекербекова ресейлік Светлана Солуяновамен жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек нәтижесінде төрешілер шешімімен жерлесіміз Жайна келесі айналымға өтті.
Қарсыласының өзінен әлдеқайда ұзын әрі ыңғайсыз болғанына қарамастан, тәжірибелі Жайна Шекербекова бірінші кезеңде сенімді түрде жеңіске жетті.
Бүгін кешкі сессияда тағы бір спортшыға жанкүйер боламыз. 57 келідегі Назым Ищановабангладештік Онита Исламмен жолығады.