Қазақстан Бразилиядан қант импорттауды ұлғайтпақ

895

Қазақстандық экспортты қолдау және дамыту жөніндегі оператор – "QazTrade" АҚ бас директоры Азамат Асқарұлы Латын Америкасына сапары барысында Бразилия мен Аргентинаның іскер топтарымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.    

Қазақстан Бразилиядан қант импорттауды ұлғайтпақ

"Raizen" компаниясының вице-президенті Пауло Невеспен және "Art Brasil"  кәсіпорнының басшысы Карлос Соузамен келіссөздер барысында тараптар бразилиялық қанттың Қазақстанға жеткізілуін арттыру мүмкіндігін талқылады.

Бразилия өз кезегінде қант өндірісінде әлемдік көшбасшы, әлемдік өндірістің 25 пайызын және әлемдік экспорттың 50 пайызын қамтып отыр.

2021 жылы Қазақстан Бразилиядан 161,4 мың тонна шикі қант импорттады.

Айта кетсек, Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімімен ақ қант пен шикі қанттың бажсыз импортына Қазақстанның квотасы 2022 жылғы тамыз айының соңына дейін 350 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу