Бұл туралы "СҚ-Фармация" ЖШС Басқарма Төрағасы Ерхат Есқалиев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Оқиға басталған кезде (Украинада) біз келісімшарттар бұздық (фармацевтикалық өндірушілермен келісімшарт) және шамамен алғанда 19 позициясын сатып алдық. Оларды Үнді, Қытай, Египет, ішінара еуропалық түрлерімен алмастырдық. Алты түрі бойынша сатып алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", – деді Басқарма төрағасы.
Спикер Украинадағы жағдайға байланысты импортталатын медициналық бұйымдардың логистикасы өзгергенін атап өтті.
Сонымен қатар елімізде дәрі-дәрмектерді жеткізуде проблема жоқ екендігіне де тоқталды.
"Ресейлік және белорустық машиналарды қазақстандық машиналарға қайта бағдарлауға бізге Kazlogistics көмектесті. Себебі Еуропа мұны (медициналық бұйымдарды) тек қазақстандық көліктер ғана әкеле алады деген қатаң талап қойды. Бүгінде барлық шешім қабылданды. Келесі жылы біз логистикаға көбірек уақыт кететінін ескеретін боламыз. Бұрын біз тікелей бағыттарды қарастыратын едік. Бүгінде ол Кавказ, Түркия арқылы жүзеге асырылады", – деп түсіндірді Ерхат Есқалиев.
Айта кету керек, 5 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде "Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында дәрі-дірмекпен қамтамасыз ету шаралары туралы" брифинг өтті.