Қазақстан БҰҰ адам дамуы индексінде 191 елдің ішінен 56-орынды иеленді

715

Қазақстан адам дамуы индексінде 191 елдің ішінен 56-орынды иеленді. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа баяндамасында айтылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазақстан БҰҰ адам дамуы индексінде 191 елдің ішінен 56-орынды иеленді

Адам дамуын саралаған рейтингтіктегі алғашқы бестікке Швейцария, Норвегия, Исландия, Гонконг және Австралия кірді. АҚШ бұл тізімде 21-сатыға жайғасса, көршілеріміз Ресей – 52, Өзбекстан – 101, Қырғызстан 118-орында тұр.

Ал рейтингті Оңтүстік Судан, Чад, Нигер елдері аяқтайды.

Жалпы халықтың білімін, денсаулығын, өмір сүру деңгейін өлшейтін индекс әлем бойынша осымен екінші жыл қатарынан төмендеп барады. Бұған біріне бірі жалғасып жатқан дағдарыстар себеп, дейді сарапшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу