Қазақстан БҰҰ-да ОА елдерінің ортақ мүдделерін қорғауға ниетті – ҚР СІМ

820

Қазақстан БҰҰ-да ОА елдерінің ортақ мүдделерін қорғауға ниетті – ҚР СІМ

Қазақстан БҰҰ-да Орталық Азияның барлық елдерінің ортақ мүдделерін қорғауға ниетті, деді Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Ауғанстан мен Орталық Азия елдерінің Тұрақты өкілдерімен кездесу барысында.

ҚР СІМ хабарлағандай, іс-шарада қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысы Қазақстан БҰҰ-да Орталық Азияның барлық елдерінің ортақ мүдделерін қорғауға ниетті екенін атап өтті. Атап айтқанда, ол Ауғанстанның негізгі проблемалары шешілмей, біздегі ұзақ мерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес екенін айтты.

Аймақ мемлекеттерінің дипломаттары Қазақстанның БҰҰ ҚК мүшелік етуі арқылы орталық азиялық мүдделерді ілгерілету жөніндегі жоспарларына қолдау көрсетіп, саяси және сараптамалық деңгейлерде тиісті құрылымдық өзара іс-қимылды жалғастыратынын растады. Бұдан бөлек, кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Саяси жолдауына оң баға берілді.

Сапар барысында Қайрат Әбдірахмановтың Италия, Швеция, Эфиопия, Польша және Латвияның сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен, Ұлыбританияның сыртқы істер министрінің орынбасарымен екіжақты кездесулері өтті.

Ведомствода Қазақстанның жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрінің алғашқы халықаралық сапары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жауапты мүшесі ретінде Астананың жоспарларын мазмұнды таныстыруға мүмкіндік бергені атап өтілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу