Еліміздің Ішкі істер министрлігі 2026 жылға арналған есірткі және психотроптық заттарға қажетті норма жобасын жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ведомоство квота жөніндегі өтінімді Біріккен ұлттар ұйымына жолдамақ. Құжат түсіндірмесінде есірткі құралдары мен психотроптық заттарға деген Қазақстанның жыл сайынғы қажеттілігін Үкімет бекітетіні жазылған. Осы негізде мемлекеттік квота үлестіріледі.
Қазақстан халықаралық есірткі конвенциялары аясында әр мемлекет жыл сайын БҰҰ-ның Есірткілерді бақылау жөніндегі халықаралық комитетіне квотаға өтінім береді. Бұл құжатта елдің медицина мен ғылым саласы үшін қажетті нормалар көрсетіледі.
ІІМ дерегінше, 2025 жылы медициналық және ғылыми мақсаттарға қазақстандық химиялық кәсіпорындар мынадай мөлшерде заттар өндірген:
- 0,072 грамм героин;
- 0,122 грамм кокаин;
- 0,416 грамм амфетамин;
- 0,115 грамм метамфетамин;
- 20 килограмм морфин.
Аталған сатып алулар ауруханалар мен дәріханаларды ауырсынуды басатын дәрілермен, наркоз және құрысуға қарсы препараттармен қамтамасыз ету үшін қажет. БҰҰ алдында мұндай заттардың айналымы бойынша жылда есеп беріледі.