Қазақстан БҰҰ электрондық үкіметінің рейтингінде 8 орында

721

Алайда Кең жолақты интернетке қол жеткізу рейтингінде бар болғаны 65 орындағы Қазақстанның бұл салада айтылар кемшіліктері де жетерлік.

Қазақстан БҰҰ электрондық үкіметінің рейтингінде 8 орында Фото: Qamshy.kz

Бұл туралы Стратегиялық бастамалар форумында Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз жақында БҰҰ электрондық үкіметінің рейтингінде 8 орынға көтерілдік - жақсы жетістік. Алайда мұнда ең бастысы жыл сайынғы даму қарқынын тоқтатпау керек.  Қарапайым ХҚКО-дан басталып, электронды  үкіметке көшуге дейінгі даму жолы жаңа белеске шықты - интеграциялық платформаға айналды. Яғни біз, электронды үкімет, мемлекеттік қызметтерді тек өзіміздің ресми сайтымызда ғана емес, басқа да танымал платформаларда көрсетілуіне мүмкіндік бердік. Болашақта олардың саны арта түседі", - деді министр. 

Алайда біздің елдегі цифрландыру бір жағынан қарқынды дамып жатқандай көрінгенімен, әлі де болса назар аударарлық кемшіліктері аз емес. 

"Мысалы денсаулық сақтау саласында цифрландыру толыққанды жолға қойылмаған. Алдағы 7 жылда осы органды заманауи, алдыңғы қатарлы салаға айналдыру үшін біз бар күшімізді салатын боламыз. Оларға мемлекеттік қызмет көздеріне қосылуға рұқсат беру арқылы біз де әр қазақстандықтың жағдайына қатысты ақпаратты олардан сұрай аламыз, нәтижесінде құлағдар болып, келешекте басқа қандай қызмет көрсете алатынымызды түсінеміз", - деді Бағдат Мусин.

 

Министрдің айтуынша, елдегі цифрландырудың түп негізі - инфраққұрылымның жолға қойылуы.

"Әсерісе шет аймақтар болсын, еліміздің барлық өлкелерінде интернетке қолжетімділікті арттыру керек. Себебі біздің онлайн қызмет көрсету бойынша 8 орында болғанымыздан не пайда, егер Кең жолақты интернетке қол жеткізу рейтингінде бар болғаны 65 орында болсақ. Интернетті әр қазақстандыққа тарату - бүкіл цифрландыру саласы дамуының негізіне айналуы тиіс", - деп қорытындылады Б.Мусин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу