Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстандағы жағдай жөніндегі отырысына қатысты

1138

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстандағы жағдай жөніндегі отырысына қатысты

Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде қазақстандық делегация Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстандағы жағдай жөніндегі отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.

Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде біздің еліміз тұрақты, қауіпсіз және өркендеп жатқан Ауғанстанның тұжырымдамасын жақтайтынын атап өтті. Ол ауғанстандықтардың өздерінің басшылығымен және қатысуымен саяси процесс жүргізу, сондай-ақ халықаралық қоғам мен өңір елдерін осы елдегі жағдайды реттеу процесіне тарту қажеттігі туралы айтты. 

Қайрат Омаров айтып кеткендей, Ауғанстандағы жағдай тұрақсыздық пен террористік актілердің жоғары қаупіне, сондай-ақ есірткінің заңсыз өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты тұрақсыз болып қалуда, бұл барлық Орталық Азия өңірі үшін теріс әсер етуі мүмкін.  

Ол БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясына жоғары баға берді. 

Қазақстандық делегация қауіпсіздік және даму мәселелері арасындағы үздіксіз байланысты атап өте келе, Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің назарын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ауғанстанға жәрдемдесу және өңірлік және жаһандық қауіпсіздік сәулетін нығайту жөніндегі бастамаларына аударды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу