Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысында КХДР әрекетін қатал айыптады

768

Қазақстан  БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысында КХДР әрекетін қатал айыптады

Қазақстан болашақ ядросыз ғаламшарды қамтамасыз ету жөніндегі ұжымдық күш-жігерге іріткі салатын Пхеньянның жауапсыз саясатын және оның арандатушылық әрекеттерін жалпы айыптауларға қосылады, деп мәлімдеді БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің 5 тамыздағы отырысының барысында Қазақстан өкілі, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

"КХДР зымырандық және ядролық бағдарламалары барлық мүдделі тараптарға келіссөздер процесін жедел қалпына келтіру жолымен өзара қолайлы шешімді іздестіру жөніндегі бірлескен күш-жігерді жандандыру қажеттігін талап етеді. Қазақстандық дипломатия проблеманы күшпен емес, диалог арқылы ғана шешіп, қалыптасқан жағдайдан шығуға болады деп есептейді", - дейді Қазақстанның мәлімдемесі.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі отырыста КХДР-дың БҰҰ ҚК барлық тиісті қарарларын бұзып, ядролық бағдарламаны іске асыруды жалғастыруына жауап ретінде оған қатысты жаңа қарарды бірауыздан қабылдады.

2371 қарар (2017) баллистикалық зымыранды сынауға жауап ретінде қолданылатын ең қатаң санкцияларды қамтиды. Бұл шаралар Солтүстік Кореяның негізгі экспортына бағытталады, ол көмірдің (Солтүстік Кореяның сыртқы түсімінің аса ірі көзі), темір рудасының, қорғасынның, қорғасын рудасының және теңіз өнімдерінің экспортына толық тыйым салады. Бұдан басқа, қарар БҰҰ ҚК-нің бұған дейін қабылдаған қарарларын бұзуға қатысы бар КХДР жеке және заңды тұлғаларының санкциялық тізімін кеңейтеді.

Бұрын соңды болып көрмеген санкциялық шаралар Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын дамытуды жалғастыруға арналған қаржылық мүмкіндіктерді шектеу мақсатында оның валюталық кірісін қысқартуға (шамамен үштен біріне) арналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу