Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысында Солтүстік Кореяны айыптады

889

Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысында Солтүстік Кореяны айыптады

Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысында Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыранды ұшыруын айыптады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

"Біз Жапониямен жағдайға түсіністікпен қарадық, себебі зымыран ел аумағы және онымен шекаралас аймақтармен өтіп, әуе және теңіз кемелеріне ғана қауіп төндірді. Ядролық қару қаупінің артуы Халықаралық ядролық қаруға қарсы күнге тұспа-тұс келуі ерекше үрей туғызады", - делінген қазақстандық мәлімдемеде.

Жапония мен Қазақстан ядролық сынақтар мен қарулардың қайғылы нәтижелерінен зардап шеккен елдердің қатарына кіреді. Сондықтан Қазақстан Жапония үкіметі мен халқының алаңдаушылығымен бөліседі. Қазақстан ядролық қару сынақтарының гуманитарлық нәтижелері құрбандарын медициналық оңалту бағдарламасы аясында көмегі үшін жапон серіктестеріне ризашылық білдірді.

Қазақстандық өкіл "Қаруды таратпау/КХДР" күн тәртібі тармағы бойынша Қазақстанның ретті әрі үйлестірілген ұстанымы мәлім екендігін атап өтті. Қазақстан Пхеньян әрекетін айыптайды және барлық ядролық қару сынақтарды және баллистикалық зымыран ұшыруды тоқтатуды жөн көреді. КХДР БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялық қарарларын толық сақтауы тиіс. Барлық тараптар әскери шешім қабылдауда сабырлық таныту қажет.

Аталған жағдайда диалог және сенімді нығайту шаралары маңызды рөл атқарады. "Қосарлы мұздату" сияқты кез келген бастаманы қазіргі жағдайдан шығудың ықтимал шешімі ретінде ескеру керек. Осы мәселе бойынша БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің бірлігі мен беделін сақтау қажет.

Қауіпсіздік ееңес отырысында Қазақстан кеңес төрағасының КХДР-ның баллистикалық зымыран ұшыруын айыптау мәлімдемесін қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу