Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде өз жұмысын аяқтады

1367

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде өз жұмысын аяқтады

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық делегация БҰҰ-ның негізгі органының жұмысына төрағалық етті. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде БҰҰ хатшылығының көмегімен Қауіпсіздік Кеңесінің үздіксіз күнделікті жұмысын қамтамасыз етті және мандатқа сәйкес жүктелген функцияларды орындады, дейді ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның төрағалығы барысында консультациялар, брифингтер және пікірталастар форматында 30-ға жуық отырыс өткізілді және олардың қорытындылары бойынша кеңес төрағасының бұқаралық ақпарат құралдары үшін қарарлар мен мәлімдемелер қабылданды. 

Көптеген жаһандық және өңірлік процестерге қатысуын, медиация мен сенімділікті нығайтудағы белсенді ұстанымын ескере отырып, Қазақстан көпжақты дипломатия аясында барлық халықаралық ұйымдар мен мемлекеттерге бейтараптылығы мен тиімді теңдестірілген тәсілімен белгілі адал келістіруші ретінде әрекет етуді жалғастырады. 
Қазақстан Республикасы мен президентіміздің беделінің жоғары болуына байланысты қазақстандық делегация бастамашылық еткен іс-шаралардың табысты өткізілуі және олардың нәтижелері бойынша қорытынды құжаттардың қабылдануы еліміздің келісімшарттық әлеуеті мен бітімгерлік әлеуетінің өзектілігін, сондай-ақ қазіргі заманғы әлемнің ең өзекті мәселелерін шешуге қатысты тиімді тәсілдерін көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу