Қазақстан БҰҰ-ның әлемдік келісімдер туралы конвенциясына қол қойды

1916

Аталған конвенцияны БҰҰ Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы әзірлеген. 

Қазақстан БҰҰ-ның әлемдік келісімдер туралы конвенциясына қол қойды

Қазақстан БҰҰ-ның әлемдік келісімдер туралы конвенциясына қол қойды. Құжатты еліміз тарапынан әділет министрі Марат Бекетаев бекітті, деп хабарлайды Atameken Business.

Аталған конвенцияны БҰҰ Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы әзірлеген. Оның басты міндеті – коммерциялық дауларды медиация арқылы реттеу. Сондай-ақ, халықаралық сауда ағынындағы күрделі трансшекаралық мәселелерді бір жолға қою.

Әлемдік келісімдер туралы  қоконвенцияға 46 мемлекет кірді. Қазақстан бұл құжатқа қол қойған посткеңестік Азия мемлекеттерінің ішіндегі жалғыз ел. Осылайша, бұл құжат соттарды таңдау жөніндегі келісімдер туралы Гаага Конвенциясын және шетелдік төрелік шешімдерді тану және орындау туралы Нью-Йорк конвенциясын толықтырмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу