Bybit криптовалюта биржасы Қазақстан билігінің криптовалюталарға қатысты қызметтерді көрсетуге рұқсатын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz РБК-ға сілтеме жасап.
Bybit крипто биржасы Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) цифрлық активтермен сауда алаңы және кастодиандық қызмет провайдері (криптовалюталарды сақтау) ретінде жұмыс істеуге Қазақстанның Астана қаржы қызметтері басқармасынан (AFSA) алдын ала рұқсат алғанын хабарлады. Bybit 312 криптовалютаға және 393 сауда жұбына қол жеткізуді ұсынады. Өткен тәулікте ондағы сауда көлемі 565 миллион долларды құрады.
Биржа 2018 жылы құрылған. Өткен көктемде Bybit штаб-пәтерін Сингапурдан Дубайға көшірді. Сәуір айының ортасында сайт тұтынушыларды тексеру талаптарын күшейтетінін хабарлады. 8 мамырға дейін жеке басын растамаған платформа пайдаланушылары енді тек бар позицияларды жауып, несиелерді өтей және қаражатты ала алады.