Қазақстан былтыр 7 млрд доллардың ауылшаруашылық өнімін экспорттаған

118

Қайта өңдеу көлемінің өсуі елдің экспорттық әлеуетінің артуына тікелей әсер етеді. 

Қазақстан былтыр 7 млрд доллардың ауылшаруашылық өнімін экспорттаған   Фото: canva.com

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ербол Тасжүреков орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында астықты терең өңдеуге 1,9 трлн теңге инвестиция тартылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– 2025 жылдың қорытындысы бойынша қайта өңделген өнім экспорты 3,6 млрд доллар болып, өткен жылмен салыстырғанда 35% өсті. Жалпы алғанда агроөнеркәсіп кешені 7 млрд доллардың өнімін экспорттап, өткен жылдың көрсеткішінен 37% жоғары нәтиже тіркеді, – деді Ербол Тасжүреков.

Сондай-ақ, ол майлы дақылдарды қайта өңдеу саласында 94 млрд теңгенің 13 жобасы іске асырылатынын айтты.

– Астықты терең өңдеу бағытында 1,9 трлн теңгенің 6 ірі жобасы жоспарланған. Сүт саласында 41 млрд теңгенің 12 жоба іске қосылып, қосымша 165 мың тонна қайта өңдеу қуаты іске қосылады, – деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу